Өзбек жастары телефонмен ұйықтап, телефонмен оянады
Бұл туралы ІІ Орталық Азия медиа форумында Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық Азия өңірін не біріктіреді? Қандай идеялар, құндылықтар? Халықаралық қауымдастыққа нені жеткізгіміз келеді? Біз бір-бірімізді өзара байыту арқылы дами аламыз. Әрине әлеуметтік желілердің өз ерекшеліктері бар. Жастардың арасында видео контент дамып жатыр. Өзбекстан халқымыздың 60%-дан астамы жастар. Смартфон олардың көбінің өмірінің маңызды бөлігіне айналған. Тіпті ұйқыдан телефонмен ұйықтап, телефонмен оянады, - деді ол Астанада өткен медиафорумда.
Асаджан Ходжаев видео контенттер білім беру, оқыту, туризмді дамыту, контент арқылы сату мақсатында әзірленуі керегін айтты.
Контент азаматтарымыздың өмірінде білім беру, тәрбие беру функциясын атқаруы қажет. Әлеуметтік желіде көптеген деструктивті контентті көріп отырмыз. Оның саны азайып жатқан жоқ, керісінше көбейіп жатыр. Біз агрессивті, заңға қайшы контенттерден жастарымызды қорғауымыз қажет. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында азаматтарымызды рухани, ғылыми тұрғыда дамытатын білім беретін контентті дамытуымыз керек, - деп ойын айтты Өзбекстан өкілі.