"Өзбек ғалымдарына талай айттым". Астанада Шибандар әулеті туралы кітап таныстырылды

Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына орай "Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар (Шейбандар, Шайбақтар) Әулеті (Ібір-сібір, Дешті-қыпшақ, Мәуереннахр аймақтарында)" халықаралық зерттеу тобының ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған кітапты шығармас бұрын қалай зерттелгенін айтты.

Кітапты дайындаған кезде орыс, татар, өзбек, тәжік және мемлекет институтының бірнеше ғалымы атсалысты. Тілді жетік меңгерген ғалымдар болды. Олар парсы, араб тілдерін жетік білді. Архивтермен де көп жұмыс істедік, - деді тарихшы.

Ғалымдар қандай қорытындыға келген?

Әбілқайыр хан - тікелей Қазақ хандығын құруға қатысы бар. Өзбек тарихшылары Шибандарды мойындағысы келмейді. Олар көбіне Әмір-Темірдің тарихын айтамыз дейді. Мен өзбек ғалымдарына "өзбек этнонимін алып барған Шибандар еді ғой" деп талай айттым. Ол кезде өзбек ұлт емес еді. Жалпы, қазақ пен өзбек сөзінің этимологиясы бір, екеуі де еркін көшпенді деген мағынаны білдіреді, - деді ол.

"Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар Әулеті" еңбегі Бүркітбай Аяғанның ғылыми жетекшілігімен шықты.

Қаңтардың 3 күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында биыл Жошы ұлысының 800 жылдығын тойлаймыз деп атап өтті. Жалпы, тарихымызда күңгірт кездер көп, соның бірі Жошының кіші ұлы Шибанның(Сибан) кездері.... Оның туған жері Атырау, хан болып көтерілген жері Тобыл. 1440 жылдары Сығанақ бойына көшіп келеді. Сол кезеңде Шибанның ұрпақтары мен Ұрыс ханның балаларының (Керей мен Жәнібек) арасында күрес басталады. Шибан мен Ұрыс ханның балалары ағайын, тіпті шешелері жағынан бір-біріне бөле болып келеді. Ақша үшін емес, жер үшін емес, нағыз саяси күрес болады. Кейін Әбіқайыр хан мен Керей мен Жәнібектің арасында кикілжің басталады, - деді Аяған.

Тарихшы кітаптың басты жаңалығын айтты.

Әбілқайырдың туған жері қазіргі Атырау, хан болып көтерілген жері Тобыл, ал қоныс тепкен жері Сығанақ. Тек Әбілқайырдың балаларын кезінде көшпелі өзбектер деп атап кеткен, олар - Мұхаммед пен Махмұд. Екеуі Самарқандқа кетеді де, Шибан әулетінінен өзбек мемлекетін құра бастайды. Ал Сыр бойында қалған Ұрыс ханнның балалары Қазақ хандығының негізін қалайды, - дейді профессор. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы