Уақытша ұстау изоляторында айыпталушы өз-өзіне қол жұмсады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай аудандық полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында айыпталушының өз-өзіне қол жұмсап қаза тапқан мәйіті табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
"15-ші қыркүйек күні Абай аудандық полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағы бойынша тергеу барысында қамауға алынған айыпталушының өз-өзіне қол жұмсап қаза тапқан мәйіті табылды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, аталған фактіге қатысты қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілуде, қорытындысы бойынша жоғарыдағы төтенше жағдайға жол
берген полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Алматыға келді
Келесі жаңалық
Астана аспанында истребительдер ұшады
Өзгелердің жаңалығы