«Оз». Жапонияда қауіпті вирус анықталды
Жапонияда қауіпті саналатын Оз вирусы адамға жұқты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
Вирустың құрбаны Ибараки ауданының 70 жастағы тұрғыны болды. Ол бір жыл бұрын қайтыс болған еді. Кейін дәрігерлер оған инсульттің ишемиялық түрі деген диагноз қойған болатын. Алайда, біраз уақыт өткен соң дәрігерлер оның Оз вирусын жұқтырғанын анықтады.
Науқастың қан анализінің сараптамасынан тромбоциттер деңгейінің төмендігі, бауыр қызметінің бұзылуы және жедел қабыну реакциялары анықталды. Онымен қоса дәрігерлер науқастың денесінен кененің жабысқан іздерін көрген. Сарапшылар инфекция өлімге бірден әкелмейтінін айтады. Ауданның бірнеше тұрғыны ауырғанға қарағанда, антиденелер қалыптасып үлгерген. Дегенмен, егде жастағы әйелдің жағдайы аурудың алғашқы жағдайы және бірінші өлімі болып отыр.
Oз вирусы алғаш рет Жапонияда 2018 жылы анықталған. Ол кене шағуы арқылы жұғуы мүмкін, бірақ бүгінгі таңға дейін адам жұқтырмаған.