Өз авторлық құқығымызды дұрыс қорғай алмаймыз. Әншілер наздарын жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Роза Рымбаева мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Жеңіс Сейдоллаұлы әншілердің авторлық құқығына қатысты пікір білдірді. 

Қазақстан халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Роза Рымбаева авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқарудың маңыздылығы туралы айтты.

Роза Рымбаева айтқандай, мемлекеттердің мәдени дамуындағы құқықтарды ұжымдық басқарудың маңызы зор. Бұл ұйымдардың тиімді қызметі авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың жаңа объектілерін құру үшін қолайлы жағдай жасайды.

Сонымен қатар, ол әншілер орындайтын барлық шығармалар авторлық құқықты қорғаумен белгіленуі керектігін атап өтеді. Әйтсе де сол авторлық құқық мәселелерін мамандандырылған ұйым шешуі керек.

Біз шығармашылықтың адамдарымыз, біз өз құқығымызды дұрыс қорғай алмаймыз, яғни әр қолданушымен келісімшарт жасауға уақытымыз жоқ. Яғни, әншілер ең алдымен, шығармашылықпен, репертуармен, гастрольдік сапармен, концерт өткізімен айналысуымыз керек. Біз авторлық құқықты қорғаумен оған түсетін ақшаны есептеумен, яғни қаржы мәселесімен айналыспауымыз керек. Мұның барлығы орындаушылардың, авторлардың, композиторлардың, ақындардың авторлық құқығын қорғаумен тікелей айналысатын ұжымдарға қатысты. Біз өз құқығымызды өзіміздің өкіліміз болатын ұжымдық ұйымдарға береміз. Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқарудың маңыздылығы осында, - деді Роза Рымбаева.

Сонымен қатар, қазақстандық әнші өзгенін әнін рұқсатсыз көшіріп және оны орындау – ұрлық деп санайды.

Бізде көшіру деген болмауы керек. Егер шығарманы белгілі бір орындаушыға жазса, бірақ оны басқа біреу көшіріп алып орындайтын болса, онда бұл ұрлық. Бұл нағыз авторлық қойылым болуы керек. Менің ойымша, бұл ең алдымен туындының иесі авторлық құқығымен қорғалуы керек, - деп бөлісті ол.

Ал ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы елімізде орындаушылардың авторлық құқығы қалай қорғалатынын және мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың рөлі туралы айтып берді.

Жеңіс Сейдоллаұлының айтуынша, әншілердің авторлық құқығын келісімшарт аясында ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қорғауы керек.

Біз, әртістер, ең алдымен, шығармашылықпен айналысуымыз керек, ал авторлық құқықтармен арнайы ұйымдар айналысуы қажет. Біз шығармашылық адамдар өз құқығымызды қорғау жағынан әлсізбіз. Яғни әр қолданушымен келісім жасауға мүмкіндігіміз жоқ. Осыған байланысты біз өз өкілдеріміз болып табылатын ұжымдық ұйымдарға құқықтарды береміз. Авторлар, авторлық құқық иелері мен пайдаланушылар осындай ұйымның қызметі туралы толық ақпаратқа ие болуы керек, - деді әнші.

Сонымен қатар, ол «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жиналған сыйақы сомасынан әкімшілік шығыстарға жіберілетін сыйақының шекті мөлшерінің 30% көзделгенін атап өтті. Және оны артистер қолдайтынын жеткізді.

Әншінің пікірінше, ұжымдық ұйымдардың тиімді жұмысы авторлар мен орындаушыларға жақсы ақы алуға мүмкіндік береді. Бұл біздің авторларға жаңа туындыларды шығаруға және қазақстандық мәдениетті дамытуға ынталандырады.

Жаңа объектілерді құру кезінде авторлар мен авторлық құқық иелері көбінесе өз құқықтарының пайдаланылуын қадағалап үлгермейді. Бұл мәселелермен ұжымдық ұйымдар айналысады. Мен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының директоры ретінде әр әншінің құқығын қорғаймын. Ұжымдық ұйымның рөлі тиімді болуы керек. Біздің ұжымда 450 адам бар, оның 350-і әртіс, олардың құқықтарын ұжымдық ұйымдар қорғайды, - деп қосты ол.

Спикердің айтуынша, ұжымдық ұйымның ашық жұмысы - бұл қазіргі шындық және күннің талаптары. Авторлар, құқық иеленушілер және пайдаланушылар осындай ұйымның қызметі туралы толық ақпаратқа ие болуы тиіс.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы