Өз бастамаларымен игі іс атқарған

Алматыда республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауының алматылық жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қатарынан бесінші рет ұйымдастырылып кел жатқан шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы өткізуде. 

Бұған дейін «Қайырымдылық керуені» байқауының барлық жеңімпаздары Астанада марапатталған болатын.

Кешке «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі» және «Жануарға мейірім» номинациялар бойынша жеңімпаз не номинант атанған адамдарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

 Біздің мақсатымыз – қайырымдылық пен жанашырлықты насихаттау, өз бастамаларымен игі іс атқарған адамдарға алғыс айту. Биылғы байқауда алматылықтар 4 номинация бойынша лауреат, яғни жеңімпаз атанды. Алматыдан 30 жуық қатысушы болды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, – деді Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева.

«Мейірім жолында» номинация бойынша жеңімпаз атанған Оксана Маралова мұндай жоғары марапат үшін алғыс айтып, игі істерін ары қарай да жалғастыратындарын айтады.

 «Әділ» қоғамдық Қорының мақсаты ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балаларды бір мекемеге біріктіру, бір отбасының балаларын бір-бірінен ажыратпау. Қоғамдық Қорымыз қайырымдылықпен 6 жылдан астам уақыт айналысып келе жатырмыз. Біздің балаларға арналған 4 үйіміз бар. Олар Алматы қаласы мен Алматы облысында орналасқан. Сондай-ақ, біз қарттар үйлеріне де жиі көмектесеміз: азық-түлікпен қамтамасыз етеміз, мерекелік концерттер ұйымдастырамыз және т.б.. Жақсылық жасауды мұнымен тоқтатпаймыз. Шын ниетпен істесең, шешілмейтін мәселе жоқ, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kazgazeta.kz
Өзгелердің жаңалығы