ШҚО-да өз анасын тонаған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында зейнеткердің тірнектеп жинаған 640 мың теңгесі мен 300 доллары ұрланды, деп хабарлады Алтайньюс.
Бірден полицияға шағымданған 85 жастағы қала тұрғыны 59 жастағы өз ұлынан күдіктенетінін айтқан. Зейнеткердің күдігі расталды.
"Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір ақша ұрлау фактісіне қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп мәлімдеді Полиция басқармасы.
Енді зейнеткердің ұлына 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұл дегеніңіз 2,5 миллион теңгеден асып жығылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Катонқарағайда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы халықаралық семинар өтіп жатыр
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы