Ойыннан от шықты: Жасөспірім ойыншық пистолетпен 6-сынып оқушысын жарақаттады

Павлодар облысында 5-сынып оқушысы ойыншық пистолетпен ойнап жүріп, қатарласын жарақаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Оқыс оқиға Железин ауданындағы мектептердің бірінде болды. Ойыншық қарудың оғы алтыншы сынып оқушысының көзіне тиіп кеткен. Қыз бала сыныптастарына пистолетті көрсетіп жатқанда жақын маңда жүрген баланы абайсызда «атып» жіберген.

Облыстық балалар ауруханысының баспасөз хатшысы Камила Даированың хабарлауынша, жарақат алған 13 жасар жасөспірім алдымен аудандық, кейін облыстық ауруханаға жеткізілді.

Бала жарақаттар бөліміне жеткізіліп, кезекші офтальмологтың қарауында болды. Оған «көз алмасының көгеруі, конъюнктиваның жарасы» диагнозы қойылды. Жалпы денсаулық жағдайы зардап шеккен жоқ. Жеткіншек облыс орталығынан шалғай елді мекенде тұратындықтан, қазіргі уақытта офтальмологиялық бөлімшеге жатқызылды. Науқас дәрігерлердің динамикалық қарауында болады, - дейді баспасөз хатшысы.

Бұл оқиға бойынші мектеп әкімшілігі оқушы және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сала мамандары оқушы ересектерге балаларын мектепке жіберерде сөмкелері мен калталарының ішіндегі заттарды тексеріп отыру керектігін ескертеді. Мектепке тыйым салынған заттарды кіргізуге жол берілмеуі қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив
Өзгелердің жаңалығы