Ойыннан от шықты: Қонаевта балалар төрт қабатты үйді өртеп жіберді
Қонаев қаласында төрт қабатты үйдің пәтерінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысы ТЖД мәліметіне сәйкес, 12 ақпанда сағат 18:24-те кезекші бөлімге қаладағы төрт қабатты үйлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Тілсіз жау тұтанған жерге жеткенде кір жуатын машина мен асханадағы тұсқағаздың, сондай-ақ жалпы аумағы үш шаршы метр жатын бөлмедегі төсектің өртенгені анықталды. Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнауы, - делінген ведомство ақпаратында,
Өрт 18:35-те сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 2019 және 2014 жылы туған екі бала Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілген. Сонымен қатар 19 адам, соның ішінде 8 бала өздігінен эвакуацияланды.
Алматы облыстық ТЖД күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаудың маңыздылығы мен балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды ескертеді. Отпен ойнаудың соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, - деді ТЖД хабарламасында.