Ойын кезінде екі жасөспірім құм астында қалып, қаза тапты
АҚШ-тың Флорида штатында екі 14 жастағы жасөспірім ойын кезінде құм астында қалып, қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ People басылымына сілтеме жасап.
Джордж Уоттс пен Деррик Хаббард жақын дос болған және үйлеріне жақын орналасқан құм карьерінде жиі ойнайтын. 11 қаңтар күні олар кезекті рет сол жерге барып, құмнан шұңқыр қазбақ болған. Сол сәтте Дерриктің анасы – Дестини Роджерс үйде балаларды күтіп, түскі ас дайындап қойған.
Анасы ұлдарға хабарласқанымен, ешкім жауап бермеген. Алаңдаған әйел күйеу жігітінен карьерге барып, балаларды қарап келуін сұрайды. Карьер маңынан ол балалардың велосипедтері мен аяқ киімдерін тапқанымен, өздерін көрмеген.
Көп ұзамай іздеуге анасының өзі де қосылады. Құмды қолмен қазып, балаларды табуға тырысқанымен, нәтиже болмаған соң құтқарушыларды шақырады. Шамамен 20 минуттан кейін құтқарушылар Джордж Уоттсты тапты. Ол 1,5 метр тереңдікте қалып, әлі тірі болған.
Біраз уақыттан соң екінші бала – Деррик Хаббардтың денесі табылды. Ол құм астында қалып, оқиға орнында көз жұмған. Джордж ауруханаға жеткізілгенімен, екі күннен кейін ол да ауруханада қайтыс болды.
Марқұмның өгей анасы бұл жағдайды «әрбір ата-ана қорқатын, ақылға сыймайтын сұмдық түс» деп атады.