Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда прокуратурасы тарапынан уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы қылмыстың алдын алу және жолын кесу бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

"Заңсыз ойын бизнесі кеңінен таралып, қоғам үшін нақты қауіп төндіріп отыр: бұл төленбеген салықтар, кейбір тұлғалардың ойын автоматтарына тәуелділігі. Осыған байланысты құқық қорғау органдары ойын бизнесі туралы заңнама талаптарын бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді" - дейді прокуратураның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, елорда аумағындағы «Байқоңыр» аудандық прокуратурасы заңсыз ойын бизнесінің қызметіне тосқауыл салды.

"Қылмыскерлер пайдалануға тыйым салынған ойын автоматтарын адамдар көп жиналатын жерлерде орналастырып, құмар ойыншылардың ұтылған ақшасының есебінен материалдық пайда алып отырған. Барлығы көрінеу ұтылысқа әкеп соғатын 11 бірлік құмар ойын жабдықтарымен жұмыс істеген 8 орын анықталды. Аудан прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, нәтижесінде 2 қылмыстық істі сотқа жолдады" - дейді мамандар.

«Байкоңыр» аудандық №2 сотының 29.07.2019 ж. үкімімен аз. Л және аз. Ц. ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша, 07.08.2019 ж. үкімімен аз. И. ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі бойынша заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып,  бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалары тағайындалды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы