Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті борышкерлерге түсіндірме жасады

Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің 2024 жылғы 15 қарашада таратқан баспасөз релизін кейбір БАҚ және әлеуметтік желі қолданушылары қате түсініп, борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған азаматтар букмекерлік кеңселерге аударылған қаражаттарын қайтарып ала алады деген жалған ақпарат таратқан,деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Комитет бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды және былай деп түсіндірді:

«Ойын бизнесі туралы» Заңның талаптарына сәйкес, Заңның 15-бабы, 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ББТ-да тіркелген азаматтарға құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға толық тыйым салынған.

Егер құмар ойындарға немесе бәс тігуге заңсыз қатысу анықталса, ойын бизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алайда, бұл әкімшілік шаралар аударылған ақшаны мәжбүрлеп қайтаруды қарастырмайды.

Комитет ББТ-да тұрған азаматтарды құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан аулақ болуға шақырады және олардың мұндай әрекеттерден өздерін қорғау қажеттігін ескертеді.

Комитет букмекерлік кеңселердің шоттарына аударылған қаражаттарды қайтарумен айналыспайды және мұндай қызмет көрсетуге уәкілетті емес. Егер қаражатты қайтаруға қатысты даулар туындаса, азаматтар сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну, Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, сотқа шағымдану ұсынылады.

Азаматтарға тек лицензияланған букмекерлік кеңселердің ресми сайттарында тіркелуге кеңес беріледі.

Комитет барлық азаматтарды ақпаратқа мұқият болуға және заң бұзушылықтардың алдын алуға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы