Ойын алаңында жаттығу сымына оралып қалған бала жансақтау бөлімінде жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бала ойын алаңындағы жаттығу сымына оралып қалып, тұншығып қалды, деп хабарлайды Мой город парталы.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қыркүйекте Громова көшесіндегі аулалардың бірінде балалар алаңында ойнап жүрген 9 жасар бала құлап, жаттығу сымына оралып қалған.
Ол ауруханаға тұншығу диагнозымен жеткізілді. Ойын алаңдарындағы балалар жарақатының негізгі себебі ата - анасы баласын жіті қадағаламайды,-деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың қалалық көпбейінді ауруханада жатқанын хабарлады.
Жағдайы өте ауыр. Комада. Жансақтау бөлімінде жатыр, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сапарбаев пен Жошыбаев өңірдегі суармалы жер мәселесін талқылады
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы