Ойыл ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бүгін 29 наурыз сағат 10.00 де көктемгі су тасқыны ауданға үлкен қиыншылық туғызып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты аудан бойынша бүгіннен бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Бүгінгі күні Екпетал ауылын толық су басты, Қаратал, Қарасу, Амангелді, Қарасу, Көптоғай ауылдарына үлкен қауіп төндіруде.

Сондықтан барлық аталған елді мекендер тұрғындарына қауіпсіз аймаққа шығуларыңызды сұраймыз. Ең бастысы адам өмірі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы