Отырарда екі сиыр ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отырарда жайылымдық жерден екі сиыр ұрлаған күдікті ұсталды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

 Отырар аудандық полиция бөліміне екі ер адам арызданды. Олардың айтуынша, жайылымдық жерден әрқайсысының құны 400 мың теңге тұратын екі бас сиырын ұрлап кеткен. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі – 800 мың теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алды. 

Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары мал ұрлығын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Олардың жүйелі жұмыстарының нәтижесінде, күдікті ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру кезінде күдікті ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. 

Ол түнгі уақытта жайылымдық жерде жайылып жүрген сиырларға көзі түсіп, оңай жолмен олжалы болуды көздеген. Бөтеннің мүлкін ұрлап, оны сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы