«Отты дауыл»: Челябі облысында орман өрті елді мекендерге тарады

Ресейдің Челябі облысындағы орман өртінің ауданы өткен тәулікте үш есеге өсіп, 14 мың гектарға дейін жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлығы 72 ғимарат күлге айналған. Жұма күні өрт Жабық және Запасное ауылдарына жайылып, ондаған үй мен саяжай жанып кеткен.

Елдің Төтенше жағдай министрлігі мәліметі бойынша, өртенген үйлердің бірінен қайтыс болған адамның денесі табылған, тағы 18 адам медициналық көмекке жүгінген. Апат аймағынан құтқарушылар 179 адамды эвакуациялады, оның 128-і балалар.

Қазір үш ірі өрт ошағымен күрес жүріп жатыр.

Өрт сөндірушілерге екпіні қатты күшті жел кедергі жасауда. Өрттің таралу жылдамдығы минутына 150 метрден асты - бұл өте қатты жылдамдық,- деді ТЖМ басшысының орынбасары Илья Денисов. 

Министрлік бұған «отты дауыл» деген баға берген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы