Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілде күн і 64 жасында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.
Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады.Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Кеңес Одағының маршалы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады. Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің Қарулы Күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы