Жаздың алғашқы күндері еліміздің көптеген облысында өткінші жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады. 

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуімен жаздың бірінші демалыс күндерінде Қазақстанның көптеген облысында найзағаймен өткінші жаңбыр және бұршақ жауып, желдің соғуы күшейе түседі.

«Ауа температурасы аздап төмендеп, орташа көпжылдық мәнге жақын болады. Бірақ батыс облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, температура климаттық нормадан 3…6°С жоғары болады», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы