Зардап шеккен салалар үшін ынталандыру шаралары қабылданды – Дәленов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы нақты сектор экономиканың драйвері болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
Оның айтуынша, ондағы өсу 2 пайызды құрады. Көрсетілетін қызметтер үшін өткен жыл минус 5,6%-бен аяқталды, дегенмен соңғы айларда қарқын қалпына келе бастады. Нәтижесінде, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны минус 2,6%-ды құрады. Бұл 11 айдың деңгейінен жоғары, - деді ол.Сондай-ақ, брифинг барысында нақты сектор салаларының көбі және жекелеген қызмет түрлері өсуді көрсеткені жөнінде мәлімет келтірілді. Олар құрылыс (11,2%-ға өсу), ақпарат және байланыс (8,6%), ауыл шаруашылығы (5,6%), өңдеу өнеркәсібі (3,9%) және білім беру (2,3%) салалары.
Кейбір салалардағы теріс өсуге қарамастан, жыл соңына қарай серпін жақсарды. Олар көлік, сауда, ғылыми және техникалық қызмет, жылжымайтын мүлікпен операциялар және кен өндіру өнеркәсібі, - деді министр.Дәленовтың сөзінше, 2020 жылы экономиканы қолдаушыралар жұмыспен қамту мен іскерлік белсенділікті сақтауға ықпал етті. Жұмыс орындарын сақтау және құру үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылуда.
Зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы