Өткен жылы Алматыда 5 мыңнан астам сәйкестік сертификаты кері қайтарылған

Алматы, BAQ.KZ  тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаментінің басшысы Сауықбек Қапаев онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, департамент 2020 барлығы 83 тексеріс жүргізген, оның 29-ы профилактикалық бақылау болса, арыз бен өтініш бойынша жоспардан тыс тағы 39 тексеріс жүргізіліпті. 15 тексеріс бұған дейінгі кемшілікті оңалту бойынша іске асырылған. 

83 тексеріс кезінде техникалық реттеу бойынша 50 заңбұзушылық жағдайы тіркелді. Нәтижесінде 18 567 642 теңгенің айыппұлы салынды. Сонымен қатар 5087 сәйкестік сертификаты кері қайтарылып, жұмысы тоқтатылды. 4231 сәйкестік декларациясы және тексеріс жөніндегі 1562 сертификат кері қайтарылды,-дейді  Қапаев.

Депаратменттің басты міндеттерінің бірі мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, тамақ өнімі қауіпсіздігінің саласын қоспағанда техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Оған қоса ҚР сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы