Өткен жылы Алматы облысында 24 ана өлімі тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Алматы облысында 24 ана босанғаннан кейін қайтыс болған. Бұл жағдай өлімі негізінен Қарасай, Панфилов, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қалаларында болған. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, аналардың басым бөлігі коронавирус жұқтырғаннан кейін басқа да дерттердің қозуынан көз жұмған. Бұл «Дені сау ұлт» жобасындағы көрсеткіштер бойынша өңірдің деңгейін төмендетіп отыр.
Талдықорғанда өткен алқалы жиында биыл мұндай қайғылы оқиғаларға жол бермеу жолдары қарастырылды. Қалада мамандарды оқыту, қажетті құрал жабдықтар сатып алу мәселелері қолға алынбақ. Сондай-ақ нәресте өлімі бойынша да облыстың көрсеткіштері республика бойынша едәуір жоғары. Басты себеп – маман тапшылығы.
Қазіргі таңда Алматы облысында 292 дәрігер жетіспейді. Соған қарай қазіргі таңда Алматы облысының әкімі бізге тапсырма беріп отыр. Біріншіден, ол үй мәселесі шешілу керек. Сол кезде мамандардың да жұмыс істеуге қызығушылығы артады деп ойлаймыз, – деді басқарма басшысы.