21 Қыркүйек 2024 2024, 08:50
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өткен тәулікте тұрғын үй секторы бойынша 6 өрт оқиғасы тіркелді
Кезекші тәулік ішінде өрт сөндірушілер Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Жетісу облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 6 өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кезекші тәулік ішінде өрт сөндірушілер Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Жетісу облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 6 өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ күшімен 4 жеке тұрғын үйдің, 1 моншаның және 1 беседканың жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай екенін еске салады.