27 Тамыз 2024 2024, 08:45 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Өткен тәулікте төрт автокөлік өртенді

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 4 автокөліктің жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 4 автокөліктің жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жағдай Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында орын алған. 

ТЖМ күштерімен 3 жеңіл автомобиль мен 1 жүк көлігінің жануы сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство ақпаратында.

ТЖМ автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және электр жабдықтарын мерзімді диагностикадан өткізу қажеттігі туралы ескертеді.