Өткен тәулікте шетелден келгендердің бәрінде ПТР анықтама болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 27 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.


2021 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия,Ресей Федерациясы, Украина, Иран, Монғолия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 336 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 558 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1163 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 246 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 292 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 70 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 5 жолаушы.



Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы