Өткен тәулікте шетелден келген бір жолаушыдан індет анықталды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. 2021 жылғы 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 915 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 713 адам, анықтамасыз 202 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 479 жолаушы, анықтамамен - 1 319, анықтамасыз - 160;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 198; анықтамасыз - 1;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 196; анықтамасыз - 41.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша 2021 жылдың 18 қаңтарында анықтамасыз келген 132 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.