Елімізде КВИ-ден 9 адам, пневмониядан 4 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 11 желтоқсанда тіркелген коронавирус пен коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 137 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты. 4 адам пневмониядан көз жұмды, - делінген ақпаратта.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43635, 462 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31282 жетті.
Сонымен қатар қазір коронавирустық инфекциядан 13 818 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 999 бала бар. Стационарларда 3 862 науқас жатыр. 9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 237 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 9 адам КВИ-ден қайтыс болды, - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Республиканың 3 қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы