Өткен тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 209 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. 64 адам емделіп шықты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 223 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 572 науқас жатыр. 2 651 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 38490, 406 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28963 адамға жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 246 адам коронавирустан емделіп шықты
Өзгелердің жаңалығы