Өткен тәулікте індеттен бір адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41223, 428 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30116 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 7 929 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 211 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы