Өткен тәулікте індеттен 5 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41756, 439 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30362 жетті.Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 571 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 710 бала бар. Стационарларда 3 198 науқас жатыр. 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 210 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы