Өткен тәулікте елге 314 адам ПТР анықтамасыз ұшып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы мәлімет бойынша әуежолаушыларының 84%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген, деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
2020 жылғы 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия, БАӘ, Ауғанстан, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.
2 039 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 314 адам - ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 629 жолаушы, анықтамамен - 576; анықтамасыз - 53;
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 409 жолаушы, анықтамамен - 1 148, анықтамасыз - 261;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.