Өткен тәулікте ел аумағында жиналған шөп 3 рет өртенді
Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағында жиналған шөптің 3 рет өртену оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
- Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылы - жеке үйдің ауласында 90 ш. м алаңдағы жиналған шөптің жануы орын алып, оның өрті жақын тұрған шаруашылық құрылысқа көшкен;
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ақшат ауылы - жеке үйдің ауласында 370 орам шөп (92,5 тонна), шөп шабатын машина, құрылыс материалдары және екі шаруашылық құрылыс өрттенді;
- Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Тамғалы ауылы - жеке тұрғын үйдің аумағында 6 тонна шатыр астына жиналған шөп және 60 шаршы метр алаңда шатыр өрттенді;
Барлық өрттер сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде жинау қажет екенін еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аптап ыстық: Бүгін 8 өңірде ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы