22 Қыркүйек 2024 2024, 07:18
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өткен тәулікте бірнеше өңірде шөп өртенді
Өткен тәулікте бірнеше өңірде жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте бірнеше өңірде жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында шөптің 6 жануы орын алды.
ТЖМ күштерімен барлық өрттер сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті министрліктен.
ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.