Өткен тәулікте 6 облыста, 1 қалада тұрғын үйден өрт шықты

Өткен тәулік ішінде өрт сөндірушілер Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ күшімен 3 шаруашылық құрылыстың, 3 жеке тұрғын үйдің және 3 моншаның жануы сөндірілді.

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылында өртті сөндіру кезінде 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

ТЖМ өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай екенін еске салады!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы