Өткен тәулікте 4 адам суға батып кетті
Өткен тәулікте жабдықталмаған орындарда шомылу салдарынан республиканың бірқатар өңірінде 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен тәулікте шомылуға жабдықталмаған орындарда 4 адам суға батып кетті, оның ішінде 2011 жылы туған бір бала Атырау облысынан. Балалардың өліміне байланысты қайғылы оқиғалардың көпшілігі жүзе алмау, белгісіз жерлерде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға байланысты. Құрметті азаматтар жауапкершілікті сезіне отырып, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз, - деп ескертті ТЖМ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда 405 мың тонна қауын жиналды
Келесі жаңалық
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті
Өзгелердің жаңалығы