Өткен тәулікте шетелден 4 251 жолаушы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Тәжікстан, Германия, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 4 251 авиажолаушы келді. Оның ішінде:Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 837 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 779 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 444 жолаушы;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 191 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркияда вакцинациялау паспорты беріле бастады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы