Өткен тәулікте 2480 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 21 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті таратты.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2480 жағдай тіркелді. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 223 адамға көп. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 326 190 жетті.

Оның ішінде:  

Нұр-Сұлтан қаласында -  796, 

Алматы қаласында - 722, 

Шымкент қаласында – 105, 

Ақмола облысында – 62, 

Ақтөбе облысында – 25, 

Алматы облысында - 90,

Жетісу облысында - 109,

Атырау облысында - 47, 

Шығыс Қазақстан облысында - 9,

Абай облысында - 31,

Жамбыл облысында - 82,  

Батыс Қазақстан облысында - 31, 

 Қарағанды облысында - 165,

Ұлытау облысында - 20, 

Қостанай облысында - 37, 

 Қызылорда облысында - 40, 

 Маңғыстау облысында - 32, 

 Павлодар облысында - 26,  

Солтүстік Қазақстан облысында - 25, 

Түркістан облысында - 26.

Қазақстанда 872 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 298 633 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 21 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 9 542 843 адам, 2 — ші компонентін 9 324 915 адам салдырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы