Өткен тәулікте 22 адам құтқарылды – ТЖМ

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 169 жедел көмекке шығып, оның 87-і өрттер мен жану оқиғаларына, 82-і іздестіру, апаттық-құтқару жұмыстары болды. 22 адам құтқарылды және эвакуацияланды.



ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы