8 Желтоқсан 2022 2022, 10:52
Өткен тәулікте 219 адамнан коронавирус анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 219 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 219 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ.
8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 556 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 234 пациент стационарда, 1 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 8 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.