Өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус анықталып, 1 адам вирустан жазылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстан 830 адам коронавирус инфекциясынан (–681+ және 149 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 753 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Қазақстанда 10 842 957 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 927 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны – 5 609 347.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі азайған
Өзгелердің жаңалығы