12 Желтоқсан 2022 2022, 09:39
Өткен тәулікте 148 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Өткен тәулікте елімізде 148 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте елімізде 148 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 855 адам коронавирус инфекциясынан (–1 662+ және 193 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 9 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.