Өткен тәулікте 10 автокөліктің өрті сөндірілді

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 10 автокөліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларында орын алған. ТЖМ күштерімен 5 жеңіл автомобиль мен 5 жүк көлігінің жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.

Автокөлікті өрттен қорғау үшін:

  • автокөлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
  • жарамды өрт сөндіргішті әрқашан көлік салонында ұстаңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы