Өткен ғасырдағы техникалар өрт сөндіріп жүр
Қостанай қаласының іргесіндегі барлық бау-бақшамен айналысатын саяжайлар өртке қауқарсыз болып отыр, деп хабарлайды BAQ. KZ өңірдегі тілшісі.
Апат айтып келмейді. Осыған байланысты Қостанай қаласының іргесіне жағалай жайғасқан бау-бақша өсірітін саяжайларда тілсіз жау тұтана қалса, қарысы тұрар қауқары жоқ екенін бұрынан айтылып келе жатқан. Көрші Солтүстік Қазақстан облысындағы алапат өрттен кейін бе? Әлде былтырғы облысқа қарасты Әулиекөл ауданындағы алапат орман өртінен сабақ алды ма? Кім білсін? Бұл мәселе Қостанай қаласы әкімдігінде қала әкімі Марат Жұндібаев төрағалық ететін апта басындағы алқалы жиының негізгі тақырыбына айналды.
Жиында баяндама жасаған Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басығы Алмаз Төлендин кіріспе сөзін қаладағы барлық саяжай және бақша қоғамдарының төрағаларына өрттің қауіпті кезеңіне дайын еместігі туралы ескертулер берілгендігмен бастады. Қаланың төтенше жағдайларына жауап беретін басшының сөзінен түйгеніміз, тілсіз жаудың тұтану деңгейін біле тұра бау-бақшаға жауа беретін мекемелердің басшылары шырпыда сындырмай, қол қусырып қарап отырған көрінеді.
Облыс аумағында өрттің тұтану қауіпі жоғары кезең 4 сәуірде басталған. Сол уақыттан бері қала іргесіндегі саяжайларда ірілі-ұсақты тоғыз өрт оқиғасы тіркелген.
Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша өрттердің ең көп саны бау-бақша және саяжай қоғамдарына тиесілі. Тілсіз жаудың алдын алудың негізгі міндеттерінің бірі – бау-бақша аумағындағы тез жанатын қураған талдар мен арам шөптерден тазарту. Саяжайлардың айналасында өртің кең тарауынан сақтайтын арнайы қауіпсіздік жолақтарын жасау қажет. Біз он төртінші сәуірде саяжай қоғамы өкілдерімен жиналыс өткіздік. Сол жиын барысында оларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі туралы хаттарды табысталды,- деп атап өтті Алмаз Төлендин.
Төлендин атап өткендей, саяжай серіктестіктерінің басты мәселесі қараусыз қалған бау-бақшалар болып отыр. Жылдар бойыне бір күрек , не болмаса кетпен тимеген осындай бақшалар қураған ағаштар, қаусаған арам шөптердің мекеніне айналады. Ал, оның тазалығы мен бұрынғы иелерін тауып жауапқа тарту жұмыстарымен ешкім айналысқысы келмейді. Барлық саяжайларда қанағаттандыра бермейтін тағы бір параметр - өртке қарсы қалқандардың болмауы. Ережеге сәйкес, әрбір 20 үйге бір қалқан болуы керек. Бірақ бұл қалқандарды салу саяжай қоғамдарының басшылары үшін тым қымбат екенін алға тартуда.
Енді төтенше жағдай басқармасы бау-бақшаларға рейдтік шараларды күшейте түспек. Рейд барысында бұған дейінгі ескертулерді аяқсыз қалдырған саяжай қоғамының төрағалары әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
Жалпы Қостанайда өрт сөндірушілер арнайы техниканың жетіспейтінін бірнеше рет айтқанын бұған дейінде естігенбіз. Бұл ретте қолданыстағы өрт сөндіру машиналардың т 45 пайызының тозығы жеткен. Алды өткен ғасырда жасалған машиналар болып шықты. Сонымен қатар, Қостанай қаласында сегіз өрт сөндіру бөліміні салынған болатын. Масқара болғанда үшеуі ғана жұмыс істеп тұр. Қалғандары тозығы жеткен техникалардың кесерінен жабылып тынған. Іс жүзінде қалаға тағы бір өрт сөндіру депосын салуды жоспарлап отыр. Бірақ бұл істе әзірге құжаттаманы әзірлеу с процесінен әрі аспаған көріндеді.
Әкімдікте өткен жиында Алмаз Төлендин қала әкімінен 40 өрт сөндіргіш құралын сатып алуға ақша бөлуді сұрады. Оның әрқайсысына бюджеттен шамамен 20 000 теңге кетеді екен. Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев қалалық төтенше жағдай басқармасы бастығының сұрауына қолдау қолдау көрсетуді тапсырды.
Сіз саяжай қоғамдарындағы 9 өрт туралы айттыңыз, соңғысы Элеватор» саяжайында 7 мамырда болды, егер мен қателеспесем, , Шын мәнінде қиын жағдайдан аман қалдық. Сол кезде жел екпіні қала қарай бағытталса тілсіз жауды ауыздықтай алмас едік. Өйткені, қала маңындағы саяжайларға кірме жолдар және су алатын жерлерде проблема бар. Оларға осындай сумен қанымдайтын орындар салу үшін қанша қажет? Қолайсыздық неде?, - деп мәселені төтесінен қойды Марат Қосынбайұлы.
Өз кезегінде Алмаз Төлендин «Элеватор» саяжай қоғамында шұқыр көл барын, бірақ өрт сөндіру техниканың оған жақындауға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді.
Марат Жүндібаев бұл мәселені әліде пысықтауға уәде берді.