Өткен демалыста Қарағандыда 10 табиғи өрт сөндірілді

ТЖД, ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері 8 дала өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтоғай ауданы, Айыртас ауылдық округінде Нұра ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым жерде 30 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.

Қарқаралы ауданы, Қырғыз ауылдық округінде Бүркітті стансасынан батысқа қарай 7 шақырым жерде 40 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Қарқаралы ауданы, Қ. Аманжолов ауылдық округінде Сарыобалы ауылынан батысқа қарай 7 шақырым жерде 4 гектар аумақта құрғақ шөп өртке оранды. Бұқар-Жырау ауданына қарасты Керневский ауылдық округінде Ақжар ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде 15 гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртенді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өртті сөндіру орталықтардың бөлшектенуі, су көздерінің алыстығы, сыртқы ауаның жоғары температурасы және таулы аймақтардағы жерлерге баратын жолдардың жоқтығымен қиындайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы