Өткен демалыс күндері төрт адам пойыз астына түсе жаздады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ақпаратты ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев айтты.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері Департаментте пойыздардың шұғыл тежелуінің 569 фактісі тіркелген, оның ішінде адамдардың болу себебінен – 139, теміржол төсемінде малдардың болуына байланысты – 355. Сонымен қатар, теміржол жарақатының 28 фактісі тіркелді.

Статистикаға сәйкес, теміржолдардағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу болып табылады, көп жағдайда адамдар теміржолдарды белгіленбеген жерден кесіп өткен кезде және қауіптілігі жоғары аймақтарда қауіпсіздік ережелерін бұзған кезде құрамның доңғалақтарының астында жарақат алады немесе өледі, - деп атап өтті О.Бекиев.

«Өткен тәулікте пойыздың астына адамдар түскен жоқ. Төрт факті Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Бақытымызға орай, барлық жағдайларда машинистер теміржол құрамын тоқтатып, қайғылы жағдайдан құтыла алды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5-бөлігі (белгіленбеген орындарда темір жол арқылы өту) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, ол осы жылдың төрт айында осындай құқық бұзушылық үшін 9000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Тәртіп сақшылары 2000-ға жуық профилактикалық іс-шаралар, халықпен 861 кездесу, оқу орындарында" темір жол-қауіптілігі жоғары аймақ!».  Сондай-ақ, ата-аналармен түсіндіру, әңгімелесу жүргізіледі, себебі балалардың жарақаттану жағдайы ерекше алаңдатады. Кейде жасөспірімдер пойыздың төбесінде селфи жасауға тырысады, бұл қайғылы салдарға әкеледі.,- деп түйіндеді ол.

 

Көлік полицейлері теміржолдың жоғары қауіп көзі екенін тағы да еске салады. Өмір мен денсаулықты сақтау үшін темір жол көлігіндегі тәртіп ережелерін сақтаңыздар: 

* пойыз жақындаған кезде поезд толық тоқтағанға дейін платформадағы ескерту жолағынан шықпаңыз;

* теміржол көлігі аумағында балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

* жүріп келе жатқан поездың, локомотивтің немесе вагондардың жоқтығына көз жеткізіп, темір жолдарды тек белгіленген орындарда ғана кесіп өтіңіз; 

* вагондардың астына түспеңіз.

 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы