Өткен айда жарма, ет, сүт, өсімдік майының бағасы өскен – Ұлттық банк жүргізген сауалнама

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфляциялық күтулер бойынша сауалнама жүргізу әлемдегі геосаяси жағдай күрт нашарлағанға дейін аяқталды. Осылайша, сауалнама нәтижелері респонденттердің инфляциялық күтулерінің өзгеруін толық көлемде көрсетпеуі мүмкін.

Инфляцияның сандық бағасы 2022 жылғы ақпанда 6,2% құрады, нақты инфляция – 8,7%.

2022 жылғы ақпанда келесі 12 айда бағаның ағымдағы өсу қарқынының жеделдеуін немесе сақталуын күтетін респонденттердің үлесі 41% құрады, бұл 2021 жылы алынған нәтижелермен салыстырғанда аз.

Респонденттердің 52% өткен айда бағаның өзгеріссіз немесе бірқалыпты өсуін атап өтті. Өткен айда бағаның өсуін атап өткен респонденттердің көпшілігі азық-түлік өнімдерін таңдайды, олардың үлесі 87% құрады. Респонденттердің басым бөлігі азық-түлік құрамында жемістер мен көкөністер, нан-тоқаш өнімдері, жарма, ет, сүт, өсімдік майы бағасының тез өскенін атап өтті.

Өткен 12 айдағы алдыңғыға қарағанда бағалардың тезірек өсуін байқаған сұралғандардың үлесі 63% құрады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда ақшалай жинақтары бар халықтың үлесі 17% құрады. Респонденттердің көпшілігі ағымдағы уақытты жинақ қалыптастыру үшін қолайсыз деп санайды (38%). Жинақтары бар респонденттердің басым бөлігі жалпы алғанда жинақтардың соңғы жылда өзгермегенін және өсуін (тиісінше 42% және 32%) атап өтті.

Сұралғандардың негізгі бөлігі өткен 12 айда жеке материалдық жағдайын өзгеріссіз болғанын бағалайды (респонденттердің 54%), респонденттердің 34% оның нашарлағанын атап өтті. 1 жыл және 5 жылдан кейін елдің даму перспективаларын оң бағалайтын сұралғандардың үлесі тиісінше 52% және 50% құрады. Респонденттердің басым бөлігі бір жылдан кейін жеке қаржылық жағдайының жақсаруын күтуде (респонденттердің 39%).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы