Өткен айда азық-түлік 10,6%-ға қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылғы маусымда инфляция деңгейі 1,1% шамасында болды. Ұлттық банктің қаржы нарығындағы ахуал туралы есебінде осылай жазылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жылдық инфляция 7,9% деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 10,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,9%-ға, ақылы қызметтер 5,6%-ға өсті, – делінген мліметте.
2021 жылдың маусым айында халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 7,3% шамасында болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Португалияда қыркүйекке дейін халықтың 70%-ы вакцина алады
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы