Өткен аптада азық-түлік бағасы қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы өткен аптада Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен, бір аптада жұмыртқа ең көп – 1,3%-ға қымбаттады. Макарон өнімдері мен тауық етінің бағасы сәл өсті – 0,4%-ға, тұз – 0,2%-ға және 2,5 проценттік айран – 0,1%-ғақымбаттады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада өзгеріссіз қалды және жылдық мәнде 5,2%-ға өсті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау енген. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі. Бағаның өзгергені туралы ақпарат барлық облыс орталығында, республикалық маңызы бар қалалар мен елордада жиналады.

2023 жылдың 31 қазанындағы кейбір өнімдердің орташа бағасы:

2,5 проценттік сүт– 381 тг/л

Қарақұмық – 328 т/кг

Құмшекер – 423 т/кг.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы