"Өтірік": Түрік полициясы 2,2 млн-нан астам адамның митингке қатысқанын жоққа шығарды

Түрік полициясы митингке 2,2 млн-нан астам адам қатысқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТАСС таратқан ақпаратқа сәйкес, Малтепе ауданындағы аумаққа ең көп дегенде 450 мың адам сыяды.
Түркияның басты қауіпсіздік басқармасы оппозиция көшбасшысы Өзгүр Өзелдің Ыстанбұлдағы митингке қамалған мэр Экрем Имамоғлұны қолдауға 2,2 млн адам жиналды деген ақпаратын жоққа шығарды. Ведомствоның мәлімдеуінше, оған 150 мың адам қатысқан.
Малтепе ауданының аумағына ең көп дегенде 450 мың адам сыяды. Халық-республикалық партиясының митингіне 150 мың адам қатысты, - делінген хабарламада.
Партия көшбасшысы сенбі күні өткен митингіде Түркияда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге қол жинау науқанының басталғанын айтқан болатын.
Еске салайық, 23 наурызда Ыстанбұлдың қылмыстық соты қала мэрі Экрем Имамоглуны қамауға алған болатын. Оған жемқорлық пен Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қолдау көрсетті деген айып тағылған. Мэр ұсталған соң қаланың орталық көшелеріндегі қауіпсіздік шараларына қарамастан жаппай наразылық шаралары басталды.
Сондай-ақ Өзел наразылық шеруін қаланың Азия бөлігінде өткізетіні туралы алдын ала жариялаған еді.