Өтінішіңіз мекемеден мекемеге жіберіле берсе, шенеуніктер жауап береді
Қазақстанда азаматтардың өтінішін бір мемлекеттік органнан екіншісіне қайта-қайта жолдау тәртібі қатаңдатылды
Қазақстанда азаматтардың өтінішін бір мемлекеттік органнан екіншісіне қайта-қайта жолдау тәртібі қатаңдатылды. Енді шенеуніктер мұндай әрекетінің себебін түсіндіруге міндетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылғы 8 қарашадан бастап күшіне енген талапқа сәйкес, азаматтың өтініші басқа мекемеге үш реттен артық жолданса, мемлекеттік орган оның себебін жазбаша түсіндіруі керек. Яғни шенеуніктер мәселені неге өздері шеше алмайтынын және өтінішті басқа мекемеге қандай заңды негізде жібергенін көрсетуге тиіс.
Бас прокуратураның мәліметінше, өтініштерді негізсіз басқа органдарға жолдаған мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен қатар азаматтардың бір мәселе бойынша жылдар бойы бірдей жауап алып келген жағдайларына да назар аударылады. Әсіресе әлі автоматтандырылмаған мемлекеттік қызметтерге қатысты өтініштер қаралмақ.
Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге тұрғындардың өтініштері неге көбейіп жатқанын анықтап, мәселенің түпкі себебін шешуді тапсырды.