Өтініш 29 желтоқсанда берілсе де, ескі шарт бойынша қаралады – «Отбасы банк»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өтінім берілген күнді есепке алады.

 «Отбасы банк» БЗТ қатысты түсініктеме берді. 
Егер сіз біржолғы зейнетақы төлемін алу бойынша өтінішті 29 желтоқсанда жасасаңыз да, өтінім ескі шарт бойынша қаралады. Өтінім 2022 жылдың қаңтар айында қаралатынына қарамастан, БЖЗҚ өтінім берілген күнді есепке алады, – делінген банк хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2022 жылы зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткіліктілік шегі артқан болатын.

Сондай-ақ БЖЗҚ төрағасы ең төменгі күнкөріс мөлшері неге өзгергенін түсіндірген болатын. Осы жылдың соңына дейін зейнетақы қорында артық ақшасы барлар оны қандай мақсаттарға қолдана алатыны туралы жазған болатынбыз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы